Жаңақала аудандық мәслихатының 2024 жылғы 27 желтоқсандағы № 25-6 «2025-2027 жылдарға арналған Жаңақала ауданы Қызылоба ауылдық округінің бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңақала аудандық мәслихатының 2024 жылғы 27 желтоқсандағы № 25-6 «2025-2027 жылдарға арналған Жаңақала ауданы Қызылоба ауылдық округінің бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

 

Жаңақала аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Жаңақала аудандық мәслихатының «2025-2027 жылдарға арналған Жаңақала ауданы Қызылоба ауылдық округінің бюджеті туралы» 2024 жылғы 27 желтоқсандағы № 25-6 шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

1- тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«1. 2025-2027 жылдарға арналған Қызылоба ауылдық округінің бюджеті тиісінше 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2025 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 47 111 мың теңге:

салықтық түсімдер – 8 280 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 0 теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;

трансферттер түсімі – 38 831 мың теңге;

2) шығындар – 53 198 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу – 0 теңге:

бюджеттік кредиттер – 0 теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 0 теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 теңге:

қаржы активтерін сатып алу – 0 теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) –  -6 087 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 6 087 мың теңге:

қарыздар түсімі – 0 теңге;

қарыздарды өтеу – 0 теңге;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 6 087 мың теңге.»;

көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Осы шешім 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

Дата публикации
11 декабря 2025