Жаңақала аудандық мәслихатының сайлау комиссияларындағы бос орындар туралы хабарламасы

Жаңақала аудандық мәслихатының сайлау комиссияларындағы

бос орындар туралы хабарламасы

 

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» конституциялық заңының 10-бабының 3-тармағына сәйкес, Жаңақала аудандық мәслихаты төменде көрсетілген сайлау комиссияларында бос орындар бары туралы хабарлайды:

 

  1. Жаңақала ауданының аумақтық сайлау комиссиясының құрамына – 2 орын;
  2. №113 Мектеп учаскелік сайлау комиссиясының құрамына – 3 орын;

3.№117 Жаңажол учаскелік сайлау комиссиясының құрамына – 1 орын;

  1. №120 Саралжын учаскелік сайлау комиссиясының құрамына – 1 орын;
  2. №122 Жуалыой учаскелік сайлау комиссиясының құрамына – 1 орын;
  3. №124 Плантация учаскелік сайлау комиссиясының құрамына – 1 орын;
  4. №125 Көпжасар учаскелік сайлау комиссиясының құрамына – 2 орын;
  5. №128 Гагарин учаскелік сайлау комиссиясының құрамына – 1 орын;
  6. №131 Айтпай учаскелік сайлау комиссиясының құрамына – 2 орын;
  7. №132 Мастексай учаскелік сайлау комиссиясының құрамына – 1 орын;
  8. №133 Мұқыр учаскелік сайлау комиссиясының құрамына – 1 орын;
  9. №134 Қырқопа учаскелік сайлау комиссиясының құрамына – 1 орын;
  10. №135 Жаңақала учаскелік сайлау комиссиясының құрамына – 3 орын.

 

Саяси партиялардан немесе өзге де қоғамдық бірлестіктерден және жоғары тұрған сайлау комиссиясынан құрылатын сайлау комиссияларына қатысты ұсыныстарды аудандық мәслихат 2025 жылғы 19 қыркүйектен бастап 2025 жылғы 4 қазанға дейін сағат 09.00-ден 18.30-ге дейін, жұмыс уақытында мына мекенжай бойынша қабылдайды: Жаңақала ауданы, Жаңақала ауылы, Халықтар Достығы көшесі 44 үй, 2 қабат, 206 кабинет.

Құжаттарды тіркеу және қабылдауға жауапты аудандық мәслихат аппараты, байланыс телефоны 21-7-68.

Саяси партия сайлау комиссиясының құрамына осы саяси партияның мүшелері болып табылмайтын кандидатураларды ұсынуға құқылы.

Саяси партиялардың ұсыныстары болмаған жағдайда, мәслихаттар сайлау комиссиясын өзге қоғамдық бірлестіктердің және жоғары тұрған сайлау комиссияларының ұсынысы бойынша сайлайды.

Саяси партиялар, өзге қоғамдық бірлестіктер, олардың құрылымдық бөлімшелері және қалыптастырылушы комиссияларға қатысты жоғары тұрған сайлау комиссиялары мәслихатқа келесі құжаттарды тапсырады:

1) белгіленген нысан бойынша сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы электрондық және қағаз форматтағы мәліметтер;

2) тиiстi сайлау комиссияларының құрамына кандидаттарды ұсыну туралы саяси партияның, қоғамдық бiрлестiктiң немесе олардың филиалдарының (өкiлдiктерiнiң) шешiмi, жоғары тұрған сайлау комиссиясының шешiмiнен үзiндi көшiрме;

3) саяси партияны, қоғамдық бірлестікті немесе олардың филиалдарын (өкілдіктерін) тіркеу туралы  құжаттың көшірмесі;

4) кандидаттардың сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісім беру туралы белгіленген нысан бойынша өтініштері;

5) аумақтық сайлау комиссияларына кандидаттар үшін сайлау туралы заңнаманы білуге арналған тестілеуден өткені туралы сертификат.

Сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы мәліметтердің нысандары, сайлау комиссияларының жұмысына қатысуға келісімі туралы кандидаттардың өтініштері мәслихат сайтында орналастырылған.

Сайлау комиссиясының құрамына ұсынылатын адам Сайлау туралы Конституциялық заңның талаптарына сәйкес келуі тиіс.

Сайлау комиссиясының мүшесi осы комиссияның құрамын қалыптастырған мәслихат орналасқан әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң аумағында тұруға тиiс.

Сайлау туралы Конституциялық заңның 23-бабының 3-тармағында көзделген сайлау учаскелерін құру жағдайларын қоспағанда, сайлау комиссиясы құрамының жартысынан көбі сол ұйымның қызметкерлері болмауға тиіс.

Бір сайлау комиссиясының құрамына жақын туыстары (ата-аналары, балалары, бала асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), аталары, әжелері, немерелері) немесе жұбайы (зайыбы) кіре алмайды.

Мәслихатқа қағаз форматта ұсынылатын барлық құжаттарға қол қойылуы, мөр басылуы және орындалған күні, орындаушының тегі, аты-жөні және оның телефон нөмірі көрсетілген орындаушы туралы белгіні қамтуы тиіс.

 

Жаңақала аудандық мәслихаты

Дата публикации
18 сентября 2025