Жаңақала аудандық мәслихатының 2024 жылғы 24 желтоқсандағы № 24-1 «2025-2027 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Жаңақала аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 – тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. 2025-2027 жылдарға арналған аудандық бюджет 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2025 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер – 3 768 996 мың теңге:
салықтық түсімдер – 1 342 595 мың теңге;
салықтық емес түсімдер – 17 500 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 6 000 мың теңге;
трансферттер түсімі – 2 402 901 мың теңге;
2) шығындар – 3 894 057 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу – 243 434 мың теңге:
бюджеттік кредиттер – 343 838 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 100 404 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 теңге:
қаржы активтерін сатып алу – 0 теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – -368 495 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 368 495 мың теңге:
қарыздар түсімі – 340 118 мың теңге;
қарыздарды өтеу – 105 318 мың теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 133 695 мың теңге.»;
көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешім 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.