ХАБАРЛАНДЫРУ
Қазақстан Республикасының «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңына сәйкес, Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобы Жаңақала аудандық Қоғамдық кеңес мүшелерін іріктеу туралы конкурс жариялайды.
Мемлекеттік органдардың, квазимемлекеттік сектор субъектілері мен коммерциялық емес ұйымдардың, азаматтардың қатарынан Қоғамдық кеңестің сандық құрамы -11 адам.
Конкурсқа қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидат ретінде он сегіз жасқа толған, Жаңақала ауданында тұратын коммерциялық емес ұйымдар өкілдері және азаматтар қатыса алады.
Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидаттың:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жойылмаған немесе алынбаған сотталғандығы болмауға;
2) сот заңда белгіленген тәртіппен сыбайлас жемқорлық қылмыс және (немесе) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауда кінәлі деп танымаған болуға;
3) психикалық, мінез-құлықтық, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты бұзылушылықтардың (аурулардың) себебі бойынша психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымдарда есепте тұрмауға тиіс.
Конкурсқа қатысу үшін:
1) кандидатураны жұмыс тобы мен Қоғамдық кеңестің құрамына ұсыну туралы коммерциялық емес ұйымның жазбаша ұсынысы және (немесе) азаматтың өтініші;
2) өмірбаян деректері көрсетіле отырып, кандидаттың кәсіптік және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер;
3) сотталғандығының болуы не болмауы туралы анықтама;
4) психикалық, мінез-құлықтық, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты бұзылушылықтардың (аурулардың) болуы не болмауы туралы анықтама;
5) кандидаттың дербес деректерін жинауға, өңдеуге, таратуға және жариялауға келісім ұсынылады.
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 2025 жылғы 10 қаңтардан бастап 24 қаңтарға дейін.
Қабылдау орны: Жаңақала ауылы, Халықтар Достығы көшесі, 44 үй, № 206 кабинет, телефон 8(71141)21-7-68, электрондық пошта: j.maslihat@mail.ru.
Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобы