2025-2027 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы

2025-2027 жылдарға арналған

аудандық бюджет туралы

 

Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне және Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес, Жаңақала аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. 2025-2027 жылдарға арналған аудандық бюджет 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2025 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 4 001 468 мың теңге:

салықтық түсімдер – 1 342 595 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 17 500 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 6 000 мың теңге;

трансферттер түсімі – 2 635 373 мың теңге;

2) шығындар – 4 001 468 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу – 239 714 мың теңге:

бюджеттік кредиттер – 340 118 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 100 404 мың теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 теңге:

қаржы активтерін сатып алу – 0 теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – -239 714 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 239 714 мың теңге:

қарыздар түсімі – 340 118 мың теңге;

қарыздарды өтеу – 100 404 мың теңге;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 0 теңге.

  1. 2025 жылға арналған аудандық бюджет түсімдері Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының «2025-2027 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заңына, Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының «2025-2027 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне сәйкес қалыптастырылады.
  2. Жергілікті бюджеттердің теңгерімділігін қамтамасыз ету үшін 2025 жылға кірістерді бөлу нормативі төмендегі кіші сыныптар кірістері бойынша белгіленсін:

1) Жеке табыс салығы аудандық бюджетке 100% көлемінде есепке алынады;

2) Әлеуметтік салық аудандық бюджетке 100% көлемінде есепке алынады.

  1. 4. Жергілікті атқарушы органдарға қарасты мемлекеттік мекемелер ұсынатын қызметтер мен тауарларды өткізуден түсетін ақшалар Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі және Қазақстан Республикасының Үкіметі анықтаған тәртіпте пайдаланылады.
  2. 5. 2025 жылға арналған ауылдық округтердің бюджеттеріне аудандық бюджеттен берілетін субвенциялар түсімдерінің жалпы сомасы 254 434 мың теңге болып белгіленсін, оның ішінде:

Жаңақала ауылдық округі – 8 573 мың теңге;

Жаңақазан ауылдық округі – 32 253 мың теңге;

Жаңажол ауылдық округі – 30 229 мың теңге;

Мастексай ауылдық округі – 32 112 мың теңге;

Көпжасар ауылдық округі – 31 147 мың теңге;

С.Мендешев ауылдық округі – 25 911 мың теңге;

Қызылоба ауылдық округі – 29 635 мың теңге;

Пятимар ауылдық округі – 34 974 мың теңге;

Бірлік ауылдық округі – 28 600 мың теңге.

  1. 2025 жылға арналған ауданның жергілікті атқарушы органдарының резерві 50 000 мың теңге мөлшерінде бекітілсін.
  2. Осы шешім 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Мәслихат төрағасы                                                                 К. Каменов

Дата публикации
30 декабря 2024