Жаңақала аудандық Қоғамдық кеңесінің 2024 жыл бойынша атқарылған жұмыстарының қорытынды ақпараты
Жаңақала аудандық Қоғамдық кеңестің жаңа құрамы 2022 жылдың 23 ақпанында құрылды.
Жаңақала аудандық Қоғамдық кеңесінің 11 мүшесі бар, оның жетеуі ер азамат болса, төртеуі әйел азаматша, соның ішінде екеуі зейнеткер, екеуі жеке кәсіпкер, бір мемлекеттік қызметкер, төртеуі бюджеттік сала қызметкері, екеуі үкіметтік емес ұйымнан.
Аудандық Қоғамдық Кеңеске 2024 жылдың қаңтарынан бастап 57 кіріс, 78 шығыс құжаттары тіркелді.
Жаңақала аудандық Қоғамдық кеңестің ағымдағы жыл басынан 15 отырысы өткізіліп, 70 мәселе қаралып, нормативтік-құқықтық актілерге 27 ұсыным берілді. Қоғамдық кеңесте қаралған мәселелер бойынша ұсыныс-пікірлер жасалып, тиісті уәкілетті органдарға уақытында жолданып келеді.
Заңды және жеке тұлғалардан өтініштер түскен жоқ.
Аудандық Қоғамдық кеңес мүшелері ағымдағы жылдың ақпан айында ауылдық округтердің мемлекеттік мекемелеріндегі мәселелерді анықтау мақсатында мониторинг жүргізді. Анықталған мәселелер бойынша жауапты мекемелерге хаттар жолданды.
Жаңақала аудандық Қоғамдық кеңеске 2024 жылдың қаңтарынан бастап жоспар бойынша Көпжасар ауылдық округі әкімінің атқарған жұмыстарының есебі, Жаңақала ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасы туралы, аудандық ҚазСуШар БҚО филиалының атқарған жұмыстарының есебі, Бірлік ауылдық округі әкімінің атқарған жұмыстарының есебі, аудандық ішкі саясат бөлімінің атқарылған жұмыстарының есебі, аудандық «Жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы» КММ есебі, Жаңақала ішкі істер бөлімі жергілікті полиция қызметінің атқарылған жұмыстарының есебі, Мәстексай ауылдық округі әкімінің атқарған жұмыстарының есебі, аудан бойынша мал ауруына қарсы екпелер жүргізу және иесіз бұралқы ит-мысықтарды аулап ұстау бағытында атқарған жұмыстары туралы есебі, аудандық мансап орталығының атқарылған жұмыстарының есебі, Жаңақазан ауылдық округі әкімінің атқарған жұмыстарының есебі, аудандағы Қоғамдық бірлестіктердің атқарған жұмыстарының есебі, аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің атқарылған жұмыстарының есебі, аудандық жер қатынастары бөлімі бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасы туралы, аудандық құрылыс бөлімінің атқарған жұмыстарының есебі, ҚР ТЖМ БҚО ТЖД өрт сөндіру және АҚЖҚ Орал қаласы республикалық мемлекеттік мекемесі №16 өрт сөндіру бекетінің атқарылған жұмыстарының есебі, Жаңақала ауданы әкімінің алты айда атқарған жұмыстарының есебі, С.Меңдешев ауылдық округі әкімінің атқарған жұмыстарының есебі, аудандық электр жүйесі мекемесінің атқарған жұмыстарының есебі, Қызылоба ауылдық округі әкімінің атқарған жұмыстарының есебі, Жаңақала аудандық білім беру бөлімінің атқарылған жұмыстары және жаңа оқу жылына дайындығы туралы, Жаңақала ауданының экономика және қаржы бөлімінің атқарылған жұмыстарының есебі, аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің атқарған жұмыстарының есебі, аудандық Казтрансгазаймақ бөлімшесінің атқарған жұмыстары есебі, аудандық спорт мектебі, аудандық полиция бөлімінің атқарған жұмыстарының есебі, Пятимар ауылдық округі әкімінің атқарған жұмыстарының есебі, Жаңақала аудандық ауруханасының атқарылған жұмыстарының есебі, АҚІЖБ Жасақтау бөлімшесінің азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы есебі, аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасы туралы, Жаңақала ауылдық округі әкімінің атқарған жұмыстарының есебі және Жаңақала ауылдық округі әкімі аппараты бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасы туралы, аудандық мәдениет, тілдерді дамыту дене шынықтыру және спорт бөлімінің есебі, Жаңажол ауылдық округі әкімінің атқарған жұмыстарының есебі, Жаңақала ауданы әкімінің атқарған жұмыстарының есебі туралы есептері тыңдалды.
Сонымен қатар, нормативтік-құқықтық актілер «Жаңақала ауданы бойынша шетелдіктер үшін 2024 жылға арналған туристік жарна мөлшерлемелерін бекіту туралы», «2024 жылы Жаңақала ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне тұрғын үй сатып алуға немесе салуға бюджеттік кредит беру және бір жолғы көтерме жәрдемақы беру туралы», Жаңақала аудандық мәслихатының 2023 жылғы 21 желтоқсандағы № 13-3 «2024-2026 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы, «Жаңақала ауданы бойынша 2024 жылы бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы», Жаңақала ауданының аумағында жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидаларын бекіту туралы, Жаңақала ауданы бойынша коммуналдық қалдықтарды басқару бағдарламасын бекіту туралы, Жаңақала ауданының аумағында ауыл шаруашылық жануарларын тасымалдау (орнын ауыстыру) маршруттарын (мал айдау жолдарын) анықтау туралы, Жаңақала аудандық мәслихатының «Жаңақала ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» 2023 жылғы 5 қазандағы №10-5 шешіміне өзгерістер енгізу туралы, Жаңақала аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы, «Жаңақала аудандық мәслихаты аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы, Жаңақала ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 1 маусымдағы №137 «Жаңақала ауданының елді мекендеріне бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған, көппәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттерін, шатырларын ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы, Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданы әкiмдігінің 2014 жылғы 10 қыркүйектегі № 232 «Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы, шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа шығарылатын жер учаскелерінің тізбесін бекітуге келісім беру туралы, Жаңақала ауданы әкімінің «Жаңақала ауданы аумағында сайлау учаскелерін құру туралы» 2018 жылғы 30 қарашадағы № 9 шешіміне өзгерістер енгізу туралы», Жаңақала ауданында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы, Жаңақала ауданы бойынша шетелдіктер үшін 2025 жылға арналған туристік жарна мөлшерлемелерін бекіту туралы ұсынымдар берілді.
Жаңақала аудандық Қоғамдық кеңес мүшелері конкурстық комиссияларға қатысып отырады.
Жаңақала аудандық Қоғамдық кеңестің атқарған жұмыстары туралы ақпарат аудандық мәслихаттың ресми сайттарында жарияланып отырады.
Жаңақала аудандық мәслихат аппаратының маманына Қоғамдық кеңес хатшысы қызметі жүктелді. Қоғамдық кеңес үшін кеңсе (канцеляриялық) шығыстары аудандық мәслихат аппараты қаржысымен қамтамасыз етіліп отыр.