Жаңақала аудандық мәслихатының 2023 жылғы 27 желтоқсандағы № 14-4 «2024-2026 жылдарға арналған Жаңақала ауданы Жаңақала ауылдық округінің бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Жаңақала аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1- тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. 2024-2026 жылдарға арналған Жаңақала ауылдық округінің бюджеті 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2024 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер – 131 787 мың теңге:
салықтық түсімдер – 42 607 мың теңге;
салықтық емес түсімдер – 107 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 15 286 мың теңге;
трансферттер түсімі – 73 787 мың теңге;
2) шығындар – 147 625 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу – 0 теңге:
бюджеттік кредиттер – 0 теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 0 теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 теңге:
қаржы активтерін сатып алу – 0 теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – -15 838 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) –
15 838 мың теңге:
қарыздар түсімі – 0 теңге;
қарыздарды өтеу – 0 теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 15 838 мың теңге.»;
көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешім 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.