Жаңақала аудандық мәслихатының 2023 жылғы 27 желтоқсандағы № 14-4 «2024-2026 жылдарға арналған Жаңақала ауданы Жаңақала ауылдық округінің бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңақала аудандық мәслихатының 2023 жылғы 27 желтоқсандағы № 14-4 «2024-2026 жылдарға арналған Жаңақала ауданы Жаңақала ауылдық округінің бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

 

Жаңақала аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Жаңақала аудандық мәслихатының «2024-2026 жылдарға арналған Жаңақала ауылдық округінің бюджеті туралы» 2023 жылғы 27 желтоқсандағы № 14-4 шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

1- тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«1. 2024-2026 жылдарға арналған Жаңақала ауылдық округінің бюджеті  1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2024 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 132 294 мың теңге:

салықтық түсімдер – 42 607 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 107 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 15 286 мың теңге;

трансферттер түсімі – 74 294 мың теңге;

2) шығындар – 148 132 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу – 0 теңге:

бюджеттік кредиттер – 0 теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 0 теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 теңге:

қаржы активтерін сатып алу – 0 теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – -15 838 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) –
15 838 мың теңге:

қарыздар түсімі – 0 теңге;

қарыздарды өтеу – 0 теңге;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 15 838 мың теңге.»;

көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Осы шешім 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

Дата публикации
17 сентября 2024