Жаңақала аудандық мәслихатының 2023 жылғы 21 желтоқсандағы № 13-3 «2024-2026 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Жаңақала аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 – тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. 2024-2026 жылдарға арналған аудандық бюджет 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2024 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер – 4 696 358 мың теңге:
салықтық түсімдер – 1 376 181 мың теңге;
салықтық емес түсімдер – 17 730 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 11 000 мың теңге;
трансферттер түсімі – 3 291 447 мың теңге;
2) шығындар – 6 174 822 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу – 218 585 мың теңге:
бюджеттік кредиттер – 299 052 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 80 467 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 теңге:
қаржы активтерін сатып алу – 0 теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – -1 697 049 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 1 697 049 мың теңге:
қарыздар түсімі – 1 500 127 мың теңге;
қарыздарды өтеу – 114 769 мың теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 311 691 мың теңге.»;
көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешім 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.