Жаңақала аудандық мәслихатының 2023 жылғы 27 желтоқсандағы № 14-9 «2024-2026 жылдарға арналған Жаңақала ауданы Пятимар ауылдық округінің бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңақала аудандық мәслихатының 2023 жылғы 27 желтоқсандағы № 14-9 «2024-2026 жылдарға арналған Жаңақала ауданы Пятимар ауылдық округінің бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

 

Жаңақала аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Жаңақала аудандық мәслихатының «2024-2026 жылдарға арналған Жаңақала ауданы Пятимар ауылдық округінің бюджеті туралы» 2023 жылғы 27 желтоқсандағы № 14-9 шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«1. 2024-2026 жылдарға арналған Пятимар ауылдық округінің бюджеті 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2024 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 36 683 мың теңге:

салықтық түсімдер – 2 412 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 88 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;

трансферттердің түсімі – 34 183 мың теңге;

2) шығындар – 37 370 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу – 0 теңге:

бюджеттік кредиттер – 0 теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 0 теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 теңге:

қаржы активтерін сатып алу – 0 теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – -687 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 687 мың теңге:

қарыздар түсімі – 0 теңге;

қарыздарды өтеу – 0 теңге;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 687 мың теңге.»;

көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Осы шешім 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

Дата публикации
19 июля 2024