Жаңақала ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау туралы
«Тұрғын үй қатынастары туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарына, Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 8 желтоқсандағы № 117 «Тұрғын үй көмегін беру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №33763 болып тіркелген), Жаңақала аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1) Жаңақала аудандық мәслихатының «Жаңақала ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау туралы» 2021 жылғы 22 қаңтардағы №2-3 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6810 болып тіркелген).
2) Жаңақала аудандық мәслихатының «Жаңақала аудандық мәслихатының 2021 жылғы 22 қаңтардағы № 2-3 «Жаңақала ауданында аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» 2023 жылғы 5 маусымдағы №7-2 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7193-07 болып тіркелген).
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.