Жаңақала аудандық мәслихатының «Жеке оқыту жоспары бойынша мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу тәртібін және мөлшерін айқындау туралы» 2015 жылғы 26 ақпандағы №25-6 шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Жаңақала аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
көрсетілген шешімнің қосымшасының 7-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«7. Оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу мөлшері ай сайын әрбір мүгедектігі бар балаға бес айлық есептік көрсеткішке тең.».
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.