Жаңақала аудандық мәслихатының «Жаңақала ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» 2023 жылғы 5 қазандағы №10-5 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Жаңақала аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Жаңақала аудандық мәслихатының «Жаңақала ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» 2023 жылғы 5 қазандағы №10-5 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №7260-07 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген шешіммен бекітілген Жаңақала ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:

2-тараудың 7-тармағының 1)-тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

«1) ауруын дәлелдейтін анықтамаға сәйкес емделудің амбулаторлық кезеңіндегі туберкулезбен ауыратын тұлғаларға табыстарын есепке алмай
10 (он) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, ай сайын;».

Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Дата публикации
19 июля 2024