Пятимар ауылдық округі
әкімінің атқарылған жұмысы
туралы есебі
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 18 қаңтардағы «Әкімдердің мәслихаттар алдында есеп беруін өткізу туралы» №19 Жарлығына, Жаңақала аудандық мәслихатының Регламентіне және 2024 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес, Жаңақала аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
- Пятимар ауылдық округінің әкімі Б.Рамазановтың 2023 жылы бойынша Пятимар ауылдық округі әкімінің атқарылған жұмысы туралы есебі бекітілсін.
- Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту, ауылдарды тұрақты дамыту мақсатында «Ауыл аманаты» бағдарламасын және мемлекеттен берілетін қайтарымсыз гранттарға қатыстыру үшін тұрғын халыққа түсіндіру жұмыстарын жүргізу, Пятимар ауылына инвестициялар тарту, жаңа жұмыс орындарын ашу бойынша жұмыстану ұсынылсын.
- Пятимар ауылдық округі әкіміне Пятимар ауылдық округінің әлеуметтік-экономикалық дамуы, өңірлерді дамыту бағдарламаларының түйінді көрсеткіштеріне қол жеткізу, өңірді одан әрі дамыту және жергілікті бюджетті тиімді орындауға бағытталған іс-шаралардың толығымен жүзеге асырылуын қамтамасыз ету ұсынылсын.
4. Осы шешім қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.