Мастексай ауылдық округі әкімінің атқарылған жұмысы туралы есебі

Мастексай ауылдық округі

әкімінің атқарылған жұмысы

туралы есебі

 

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 18 қаңтардағы «Әкімдердің мәслихаттар алдында есеп беруін өткізу туралы» №19 Жарлығына, Жаңақала аудандық мәслихатының Регламентіне және 2024 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес, Жаңақала аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Мастексай ауылдық округінің әкімі Е.Тлепбергеновтың 2023 жылы бойынша Мастексай ауылдық округі әкімінің атқарылған жұмысы туралы есебі бекітілсін.
  2. Мастексай ауылдық округінің әкіміне 4 деңгейлі салық бюджетін өсіру бойынша жұмыстану ұсынылсын.
  3. Мастексай ауылдық округі әкіміне Мастексай ауылдық округінің әлеуметтік-экономикалық дамуы, өңірлерді дамыту бағдарламаларының түйінді көрсеткіштеріне қол жеткізу, өңірді одан әрі дамыту және жергілікті бюджетті тиімді орындауға бағытталған іс-шаралардың толығымен жүзеге асырылуын қамтамасыз ету ұсынылсын.

4. Осы шешім қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

Дата публикации
19 июля 2024