2024-2026 жылдарға арналған Жаңақала ауданы Бірлік ауылдық округінің бюджеті туралы

2024-2026 жылдарға арналған

Жаңақала ауданы Бірлік ауылдық

округінің бюджеті туралы

 

Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне және Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес, Жаңақала аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. 2024-2026 жылдарға арналған Бірлік ауылдық округінің бюджеті 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2024 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 32 012 мың теңге:

салықтық түсімдер – 4 500 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 0 теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;

трансферттер түсімі – 27 512 мың теңге;

2) шығындар – 32 012 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу – 0 теңге:

бюджеттік кредиттер – 0 теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 0 теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 теңге:

қаржы активтерін сатып алу – 0 теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – 0 теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 0 теңге:

қарыздар түсімі – 0 теңге;

қарыздарды өтеу – 0 теңге;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 0 теңге.

  1. 2024 жылға арналған Бірлік ауылдық округінің бюджет түсімдері Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі және Жаңақала аудандық мәслихатының «2024-2026 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне сәйкес қалыптасады.
  2. 2024 жылға арналған Бірлік ауылдық округінің бюджетіне аудандық бюджеттен берілетін субвенциялар түсімдерінің жалпы сомасы 27 512 мың теңге көлемінде ескерілсін.
  3. Жергілікті атқарушы органдарға қарасты мемлекеттік мекемелер ұсынатын қызметтер мен тауарларды өткізуден түсетін ақшалар Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі және Қазақстан Республикасының Үкіметі анықтаған тәртіпте пайдаланылады.
  4. Осы шешім 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Мәслихат төрағасы                                                                К. Каменов

Дата публикации
05 января 2024