2024-2026 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы

2024-2026 жылдарға арналған

аудандық бюджет туралы

 

Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне және Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес, Жаңақала аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. 2024-2026 жылдарға арналған аудандық бюджет 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2024 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 4 035 094 мың теңге:

салықтық түсімдер – 1 346 181 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 17 730 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 11 000 мың теңге;

трансферттер түсімі – 2 660 183 мың теңге;

2) шығындар – 4 035 094 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу – 218 585 мың теңге:

бюджеттік кредиттер – 299 052 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 80 467 мың теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 теңге:

қаржы активтерін сатып алу – 0 теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – -218 585 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 218 585 мың теңге:

қарыздар түсімі – 299 052 мың теңге;

қарыздарды өтеу – 80 467 мың теңге;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 0 теңге.

  1. 2024 жылға арналған аудандық бюджет түсімдері Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының «2024-2026 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заңына, Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының «2024-2026 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне сәйкес қалыптастырылады.
  2. Жергілікті бюджеттердің теңгерімділігін қамтамасыз ету үшін 2024 жылға кірістерді бөлу нормативі төмендегі кіші сыныптар кірістері бойынша белгіленсін:

1) Жеке табыс салығы аудандық бюджетке 100% көлемінде есепке алынады;

2) Әлеуметтік салық аудандық бюджетке 100% көлемінде есепке алынады.

  1. 4. Жергілікті атқарушы органдарға қарасты мемлекеттік мекемелер ұсынатын қызметтер мен тауарларды өткізуден түсетін ақшалар Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі және Қазақстан Республикасының Үкіметі анықтаған тәртіпте пайдаланылады.
  2. 5. 2024 жылға арналған ауылдық округтердің бюджеттеріне аудандық бюджеттен берілетін субвенциялар түсімдерінің жалпы сомасы 281 468 мың теңге болып белгіленсін, оның ішінде:

Жаңақала ауылдық округі – 40 334 мың теңге;

Жаңақазан ауылдық округі – 31 572 мың теңге;

Жаңажол ауылдық округі – 29 959 мың теңге;

Мастексай ауылдық округі – 30 106 мың теңге;

Көпжасар ауылдық округі – 31 120 мың теңге;

С.Меңдешев ауылдық округі – 25 899 мың теңге;

Қызылоба ауылдық округі – 31 263 мың теңге;

Пятимар ауылдық округі – 33 703 мың теңге;

Бірлік ауылдық округі – 27 512 мың теңге.

  1. 2024 жылға арналған ауданның жергілікті атқарушы органдарының резерві 50 000 мың теңге мөлшерінде бекітілсін.
  2. Осы шешім 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Мәслихат төрағасы                                                                 К. Каменов

Дата публикации
05 января 2024