Жаңақала аудандық маслихатының 2022 жылғы 29 желтоқсандағы № 32-8
«2023-2025 жылдарға арналған Жаңақала ауданы С.Меңдешев ауылдық округінің бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Жаңақала аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. 2023-2025 жылдарға арналған С.Меңдешев ауылдық округінің бюджеті 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2023 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер – 29 843 мың теңге:
салықтық түсімдер – 1 108 мың теңге;
салықтық емес түсімдер – 40 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;
трансферттер түсімі – 28 695 мың теңге;
2) шығындар – 30 624 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу – 0 теңге:
бюджеттік кредиттер – 0 теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 0 теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 теңге:
қаржы активтерін сатып алу – 0 теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – -781 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 781 мың теңге:
қарыздар түсімі – 0 теңге;
қарыздарды өтеу – 0 теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 781 мың теңге.»;
көрсетілген шешімнің 1 –қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Мәслихат төрағасы К. Каменов