Жаңақала аудандық мәслихатының 2022 жылғы 27 желтоқсандағы № 31-1 «2023-2025 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Жаңақала аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 – тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. 2023-2025 жылдарға арналған аудандық бюджет 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2023 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер – 5 234 697 мың теңге:
салықтық түсімдер – 1 410 658 мың теңге;
салықтық емес түсімдер – 17 730 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 11 000 мың теңге;
трансферттер түсімі – 3 795 309 мың теңге;
2) шығындар – 5 390 550 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу – 168 564 мың теңге:
бюджеттік кредиттер – 233 506 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 64 942 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 теңге:
қаржы активтерін сатып алу – 0 теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – -324 417 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 324 417 мың теңге:
қарыздар түсімі – 232 875 мың теңге;
қарыздарды өтеу – 64 942 мың теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 156 484 мың теңге.»;
көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Мәслихат төрағасы К. Каменов