ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

Жаңақала аудандық Қоғамдық кеңесі Қазақстан Республикасының «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2021 жылғы 26 ақпандағы №69 «Қоғамдық кеңес туралы үлгілік ережені бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, аудандық Қоғамдық кеңес мүшелерінің бос орындарына  қосымша конкурс жариялайды. 

         Азаматтық қоғам өкілдері құрамынан бос орындар саны - 4.

Конкурсқа он сегіз жасқа толған, Жаңақала ауданында тұрақты тұратын азаматтар қатыса алады.

Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидаттың:

      1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жойылмаған немесе алынбаған сотталғандығы болмауға;

      2) сот заңда белгіленген тәртіппен сыбайлас жемқорлық қылмыс және (немесе) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауда кінәлі деп танымаған болуға;

      3) психикалық, мінез-құлықтық, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты бұзылушылықтардың (аурулардың) себебі бойынша психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымдарда есепте тұрмауға тиіс.

        Конкурсқа қатысу үшін:

      1) кандидатураны Қоғамдық кеңестің құрамына ұсыну туралы коммерциялық емес ұйымның жазбаша ұсынысы және (немесе) азаматтың өтініші;

       2) өмірбаян деректері көрсетіле отырып, кандидаттың кәсіптік және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер;

        3) сотталғандығының болуы не болмауы туралы анықтама;

       4) психикалық, мінез-құлықтық, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты бұзылушылықтардың (аурулардың) болуы не болмауы туралы анықтама ұсынылады.

       Жоғарыда аталған құжаттарды 2023 жылдың 15 шілдеге дейін, «Жаңақала аудандық мәслихат аппараты» ММ-не, мына мекенжай бойынша  жолдау  қажет:

БҚО Жаңақала ауданы, Жаңақала ауылы, Халықтар Достығы көшесі, 44 үй, №213 кабинет, телефон 8(71141)21-7-68, электрондық пошта: j.maslihat@mail.ru.

 

      Аудандық Қоғамдық кеңес төрағасы                          Р.Саматов

Дата публикации
30 июня 2023