Жаңақала аудандық мәслихатының 2015 жылғы 26 ақпандағы № 25-6 «Мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Жаңақала аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
көрсетілген шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
«Жеке оқыту жоспары бойынша мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу тәртібін және мөлшерін айқындау туралы»;
1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«Жеке оқыту жоспары бойынша мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу тәртібі және мөлшері осы шешімнің қосымшасына сәйкес айқындалсын.»;
көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
|
Мәслихат төрағасы |
|
К. Каменов |