Жаңақала аудандық мәслихатының 2022 жылғы 27 желтоқсандағы № 31-1 «2023-2025 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңақала аудандық мәслихатының 2022 жылғы 27 желтоқсандағы № 31-1 «2023-2025 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

 

Жаңақала аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. Жаңақала аудандық мәслихатының «2023-2025 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» 2022 жылғы 27 желтоқсандағы № 31-1 шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

1 – тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«1. 2023-2025 жылдарға арналған аудандық бюджет 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2023 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 4 483 728 мың теңге:

салықтық түсімдер – 1 310 658 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 17 730 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 11 000 мың теңге;

трансферттер түсімі – 3 144 340 мың теңге;

2) шығындар – 4 639 581 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу – 168 564 мың теңге:

бюджеттік кредиттер – 233 506 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 64 942 мың теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 теңге:

қаржы активтерін сатып алу – 0 теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – -324 417 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 324 417 мың теңге:

қарыздар түсімі – 232 875 мың теңге;

қарыздарды өтеу – 64 942 мың теңге;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 156 484 мың теңге.»;

көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Осы шешім 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Мәслихат төрағасы                                                                     К. Каменов

Дата публикации
12 мая 2023