2023-2025 жылдарға арналған Жаңақала ауданы Қызылоба ауылдық округінің бюджеті туралы

2023-2025 жылдарға арналған

Жаңақала ауданы Қызылоба

ауылдық округінің бюджеті туралы

 

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес, Батыс Қазақстан облысы Жаңақала аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. 2023-2025 жылдарға арналған Қызылоба ауылдық округінің бюджеті тиісінше 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2023 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 29 183 мың теңге:

салықтық түсімдер – 3 007 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 0 теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;

трансферттер түсімі – 26 176 мың теңге;

2) шығындар – 29 183 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу – 0 теңге:

бюджеттік кредиттер – 0 теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 0 теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 теңге:

қаржы активтерін сатып алу – 0 теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – 0 теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 0 теңге:

қарыздар түсімі – 0 теңге;

қарыздарды өтеу – 0 теңге;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 0 теңге.

  1. 2023 жылға арналған Қызылоба ауылдық округінің бюджет түсімдері Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі және Жаңақала аудандық мәслихатының «2023-2025 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне сәйкес қалыптасады.
  2. 2023 жылға арналған Қызылоба ауылдық округінің бюджетіне аудандық бюджеттен берілетін субвенциялар түсімдерінің жалпы сомасы 26 176 мың теңге көлемінде ескерілсін.
  3. Жергілікті атқарушы органдарға қарасты мемлекеттік мекемелер ұсынатын тауарлар мен қызметтерді өткізуден түсетін ақшалар Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі және Қазақстан Республикасының Үкіметі анықтаған тәртіпте пайдаланылады.
  4. Осы шешім 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Мәслихат хатшысы                                    С.Жардемалиев

Дата публикации
29 декабря 2022