2023-2025 жылдарға арналған Жаңақала ауданы Көпжасар ауылдық округінің бюджеті туралы

2023-2025 жылдарға арналған

Жаңақала ауданы Көпжасар

ауылдық округінің бюджеті туралы

 

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес, Батыс Қазақстан облысы Жаңақала аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. 2023-2025 жылдарға арналған Көпжасар ауылдық округінің бюджеті 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2023 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 30 118 мың теңге:

салықтық түсімдер – 2 660 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 140 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;

трансферттер түсімі – 27 318 мың теңге;

2) шығындар – 30 118 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу – 0 теңге:

бюджеттік кредиттер – 0 теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 0 теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 теңге:

қаржы активтерін сатып алу – 0 теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – 0 теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 0 теңге:

қарыздар түсімі – 0 теңге;

қарыздарды өтеу – 0 теңге;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 0 теңге.

  1. 2023 жылға арналған Көпжасар ауылдық округінің бюджет түсімдері Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі және Жаңақала аудандық мәслихатының «2023-2025 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне сәйкес қалыптасады.
  2. 2023 жылға арналған Көпжасар ауылдық округінің бюджетіне аудандық бюджеттен берілетін субвенциялар түсімдерінің жалпы сомасы 27 318 мың теңге көлемінде ескерілсін.
  3. Жергілікті атқарушы органдарға қарасты мемлекеттік мекемелер ұсынатын тауарлар мен қызметтерді өткізуден түсетін ақшалар Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі және Қазақстан Республикасының Үкіметі анықтаған тәртіпте пайдаланылады.
  4. Осы шешім 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Мәслихат хатшысы                                            С.Жардемалиев

Дата публикации
29 декабря 2022