Жаңақала аудандық мәслихатының 2021 жылғы 27 желтоқсандағы № 15-1 «2022-2024 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Батыс Қазақстан облысы Жаңақала аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1 – тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. 2022-2024 жылдарға арналған аудандық бюджет 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2022 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер – 6 617 693 мың теңге:
салықтық түсімдер – 802 048 мың теңге;
салықтық емес түсімдер – 14 463 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 8 000 мың теңге;
трансферттер түсімі – 5 793 182 мың теңге;
2) шығындар – 6 987 726 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу – 132 263 мың теңге:
бюджеттік кредиттер – 192 969 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 60 706 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 теңге:
қаржы активтерін сатып алу – 0 теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – -502 296 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 502 296 мың теңге:
қарыздар түсімі – 192 969 мың теңге;
қарыздарды өтеу – 52 176 мың теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 361 503 мың теңге.»;
аталған шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
|
Мәслихат хатшысы |
|
С.Жардемалиев |