Жаңақала аудандық мәслихатының 2019 жылғы 10 желтоқсандағы №39-2 «Пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарлату туралы» шешімінің күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңына сәйкес Батыс Қазақстан облысы Жаңақала аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
- Жаңақала аудандық мәслихатының «Пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарлату туралы» 2019 жылғы 10 желтоқсандағы №39-2 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5892 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
- Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Мәслихат хатшысы
|
|
С. Жардемалиев
|