Жаңақала аудандық мәслихатының Регламентін бекіту туралы

Жаңақала аудандық 

мәслихатының Регламентін

бекіту туралы

 

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының  2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 9-бабына және Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 3 желтоқсандағы №704 «Мәслихаттың үлгі регламентін бекіту туралы» Жарлығына сәйкес, Жаңақала аудандық  мәслихаты ШЕШТІ:

  1. Жаңақала аудандық мәслихатының Регламенті осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда бекітілсін.
  2. Жаңақала аудандық мәслихатының 2016 жылғы 10 тамыздағы №4-8 «Жаңақала аудандық мәслихатының Регламентін бекіту туралы», 2017 жылғы 14 желтоқсандағы №16-4 «Жаңақала аудандық мәслихатының 2016 жылғы 10 тамыздағы № 4-8 «Жаңақала аудандық мәслихатының регламентін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» және 2021 жылғы 1 қазандағы №11-4 «Жаңақала аудандық мәслихатының 2016 жылғы 10 тамыздағы № 4-8 «Жаңақала аудандық мәслихатының регламентін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы»  шешімдері жойылсын.
  3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихат аппаратының басшысы С.Успановаға жүктелсін.
  4. Осы шешім қол қойған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Аудандық мәслихат хатшысының

міндетін уақытша атқарушы                                             С.Жардемалиев

Дата публикации
27 декабря 2022