Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Жаңақала аудандық мәслихатының VIІI-ші шақырылымдағы депутаттарының тізімі

Пятимар және С.Мендешев ауылдық округтерінен сайланған депутат.

Сағынов Әділет Мұстахапұлы 30 наурыз 1993 жылы Пятимар ауылында дүниеге келген. 2000 – 2001 жылдар аралығында Пятимар жалпы орта білім беретін мектебінде білім алды. 2011 – 2014 жылдар аралығында Ж. Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледжінде «Туризм – менеджер» мамандығы бойынша мемлекеттік грант негізінде қызыл дипломмен тәмәмдады.

2014 жылы наурыз айында Жаңақала аудандық балалар мен жасөспірімдер туризм және экология орталығына қосымша білім беру педагогы болып жұмысқа орналасты.

2014 – 2017 жылдар аралығында М.Өтемісов атындағы БҚМУ – ға география пәні мұғалімі мамандығы бойынша білім алды.

2015 жылы Пятимар ЖОББ мектебіне география пәні мұғалімі болып  жұмысқа орналасты.

2017 жылы Жаңақала аудандық Жас туристер станциясына, «Спорттық бағдарлау» бөлімінің меңгерушісі болып қызмет ауыстырды.

2018 жылы Жаңақала жалпы орта білім беретін мектебіне директордың оқу – ісі жөніндегі орынбасары қызметінде жасады.

2018 жылы Жаңақала аудандық балалар – жасөспірімдер спорт мектебіне директордың орынбасары қызметіне ауысты.

2019 жылдан  қазіргі таңға дейін Пятимар жалпы орта білім беретін мектебінде география пәнінің мұғалімі болып қызмет атқарады.

Бірлік ауылдық округінен сайланған депутат.

Мағзомов Асхат Тұрарбекұлы 1971 жылы 31 шілдеде Батыс Қазақстан облысы, Фурманов ауданы, Қисық – қамыс ауылында дүниеге келген.

1977 жылы Ю.Гагарин атындағы мектепке қабылданып, 1988 жылы Жаңақала орта мектебін бітірді.

1988 – 1991 жылдар аралығында Орал құрылыс техникумының өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс мамандығы бойынша білім алып шықты.

1991 жылы мамыр айынан бастап Бірлік асыл тұқымды мал зауытының күрделі жөндеу құрылыс шебері болып еңбек жолын бастаған.

1999 жылы  орталық қойма меңгерушісі болып жұмыс жасаған.

2005 жылы Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық – техникалық университетіне түсіп,

2008 жылы  «Бірлік мал зауыты» ЖШС – нің жетекші маманы қызмет атқарған.

2014 жылы тамыз айынан бастап күні бүгінге дейін «Бірлік мал зауыты» ЖШС- да бас маман қызметін атқарып келеді.

Жаңажол ауылдық округінен сайланған депутат.

Жағыпаров Дәурен Ерланұлы 1993 жылдың 6 мамарында Батыс Қазақстан облысы, Жаңақала ауданы, Жаңажол ауылында дүниеге келген.

Жоғары білімі бар. 2019 жылы Батыс Қазақстан инновациялық технологиялық университетін дене шынықтыру және спорт мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолы 2014 - 2015 жылдары Батыс Қазақстан облысы, Орал қалалық спорт бөлімінің «Намыс» спорт клубында әдіскер – нұсқаушы бойынша бастап, 2016 -2018 жылдары Жаңажол ауылдық округінде Жастармен жұмыс жөніндегі кеңесші маман, 2018 – 2020 жылдары Жаңақала аудандық балалар – жасөспірімдер спорт мектебінде жаттықтырушы, спорт әдіскері қызметтерін атқарған.

2020 жылдың қазан айынан бастап Батыс Қазақстан облысы әкімдігі дене шынықтыру және спорт басқармасының «Жаңақала ауданының балалар – жасөспірімдер спорт мектебі» КММ – нің директордың орынбасары лауазымын атақарған. Аудандық қоғамдық кеңес мүшесі.

Дене шынықтыру мен спортқа қосқан үлесі үшін төсбелгісімен, Батыс Қазазқстан облысы әкімінің, облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының, аудан әкімінің алғысхаттарымен марапатталған.

 

Жаңақазан ауылдық округінен сайланған депутат.

Жұмалиев Марс Такесұлы 1967 жылы 15 қаңтарда Батыс Қазақстан облысы, Жаңақазан ауылында дүниеге келген. Ұлты – қазақ. Білімі жоғары.

1983 жылы Жаңақазан ауылындағы С.Киров атындағы орта мектепті бітіріп. 1983 – 1985 жылдары Жаңақала ауданының Жаңақала қой совхозында әртүрлі жұмыстар атқарған.

1985 – 1987 жылдары Совет Армиясы қатарында Жезқазған облысы, Балқаш қаласында азаматтық борышын өтеді.

1988 – 1993 жылдары Батыс Қазақстан ауыл шаруашылығы институтында оқып, зооинженер мамандығын алған.

1993 – 1995 жылдары Жаңақала ауданының Красногор жылқы зауытында бөлімше зоотехнигі қызметін атқарды.

1995 – 2022 жылдары аралығында Жаңақала ауданы әкімі аппаратында референт, инструктор, инспектор, бөлім басшысы, аппарат басшысы қызметтерін атқарған.

2022 жылдың наурыз айынан Жаңақала аудан әкімі аппараты ұйымдастыру – бақылау, құжаттамалық қамту және қаржы шаруашылық жұмыстары бөлімінің басшысы қызметін атқарды.

Көпжасар ауылдық округінен сайланған депутат.

Бақиев Азамат Ерсұлтанұлы 1998 жылдың 3 желтоқсанында Батыс Қазақстан облысы, Жаңақала ауданы, Көпжасар ауылында дүниеге келген.

Екі жоғары білімі бар. Ұлты қазақ.

2020 жылы М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі мамандығы;

2022 жылы М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша педагогика ғылымдарының магистрі біліктілін бітірген.

Еңбек жолы 2020 жылы Дина Нұрпейісова атындағы ЖОББ мектебінде бастап, аталмыш мектепте қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі болып қызмет етіп келеді.

2023 жылдан бастап Дина Нұрпейісова атындағы ЖОББ мектебінде директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары лауазымдық қызметін атқарады.

Қисыққамыс сайлау округінен сайланған депутат.

Каменов Камбар Сулейменович 1990 жылы 1 маусым айында БҚО, Жаңақала ауданы, Кармановка ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары. Ұлты-қазақ.

2008-2012 жылдары Махамбет Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетіне құқықтану факультетін бітіріп, құқық және экономика негіздері мамандығын алған.

2012 жылы Жаңақала аудандық сотында «Жастар тәжірибесі бағдарламасы» арқылы жұмыс жасады.

2012-2013 жылдары Отан алдындағы әскери борышын өтеген.

2014-2018 жылдары «Ауданаралық сауықтыру ауруханасы» оңалту орталығы» ШЖҚ МКК заңгері.

2018-2020 жылдары Жаңақала аудандық Ішкі саясат бөлімінің «Жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы» КММ–нің заңгері,

2020-2023 жылдары «Жаңақала аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі» ММ–нің заңгері.

2 шақырылым аудандық қоғамдық кеңес құрамында болды.

2023 жылғы 30 наурызда аудандық мәслихаттың бірінші ұйымдастыру сессиясында аудандық мәслихаттың төрағасы болып сайланды.

Гагарин сайлау округінен сайланған депутат.

Жақсымбетов Жасұлан Мұстажапұлы 1980 жылы 2 шілдеде Жаңақала ауданы, Жаңақала ауылында дүниеге келген.

Білімі жоғары. 1997 жылы Батыс Қазақстан аграрлық – техникалық институтын жер үйлестіру мамандығы бойынша,

2012-2016 жылдары Алматы қаласындағы Қ.Сәтбаев атындағы университетін мұнай газ ісі мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолы. Ауданымызда газ пайдалану мекемесіндегі газ есептеу құрылғысын қадағалаушы болып бастады. Кейін аталмыш мекеменің шебері болып ауысқан, сол саланың басшысы болды.

2007 жылы аудандық электр торабы мекемесінде шебер, 2015 жылы «Агросервис» ЖШС – нің директоры лауазымдарын атқарған.

2015 жылы аудандық газ пайдалану мекемесінің мастері болып тағайындалды.

2017 жылдан қазіргі уақытқа дейін осы мекеменің директоры лауазымын атқарып келеді.

 

Жаңақала сайлау округінен сайланған депутат.

Сертеков Саламат Серикович 1986 жылы 17 қазанда Батыс Қазақстан облысы, Жаңақала ауданы, Жаңақала ауылында дүниеге келген. Ұлты – қазақ. Білімі – жоғары. 2003 жылы Жаңақала орта білім беретін мектебін бітіріп, 2003 жылы Батыс Қазақстан аграрлық – техникалық университетіне оқуға түсіп, 2008 жылы жол қозғалысын ұйымдастыру мамандығын меңгерген.

2012 жылы Еуразия академиясынан құқықтану мамандығы бойынша құқықтану бакалавры академиялық дәрежесін алды.

2017 жылы Алматы қаласындағы Қазақ қатынас жолдары университетінен техника және технология магистрі академиялық дәрежесін алған.

2009 жылдан бастап «Жолаушы –Жол» ЖШС директоры.

Самбо және қазақ күресінен облыстың бірнеше мәрте жеңімпазы, самбо күресінен жасөспірімдер арасында ҚР жүлдегері. 2020 жылы БҚО әкімі Ғ.Есқалиевтің құттықтауымен және 2021 жылы ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Е.Қарашөкеевтің Ауыл шаруашылығы саласын дамытуға қосқан үлесі үшін Құрмет граматасымен марапатталған.

 

 

Мектеп сайлау округінен сайланған депутат.

Есенғалиева Бегайым Төлеуғалиқызы 1969 жылы 17 қаңтарда БҚО, Жаңақала ауданы, Жаңақала ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары. Ұлты – қазақ.1984 жылы Жаңақала жалпы орта білім беретін мектебінде негізгі білім алып, 1988 жылы Орал педагогикалық училищесінен бастауыш сынып мұғалімі мамандығын игерген.

2004 жылы М.Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолы.

Пятимар орта білім беретін мектебінен бастап, 1988 -1997 жылдары бастауыш сынып мұғалімі қызметін атқарған.

1997-2007 жылдары Ю.Гагарин атындағы бастауыш мектепте бастауыш сынып мұғалімі,

2007-2009 жылдары Жаңақала ЖОББ мектебінде педагог – ұйымдастырушы 2009-2021 жылдары «Жауқазын» Жаңақала аудандық балабақша балалар бөбекжайы  МКҚК директоры  

2021 жылдан бері Жаңақала ЖОББ мектебінің директоры қызметін атқарып келеді. 

 

Қызылоба ауылдық округінен сайланған депутат.

Тасанов Айбек Амантайұлы 1988 жылы 1 қазанда Батыс Қазақстан облысы, Жаңақала ауданы, Қызылоба ауылында дүниеге келген. Білімі – жоғары. Батыс Қазақстан инновациялық – технологиялық университетін экономикалық бухгалтер және аудит мамандығы бойынша тәмамдаған. Қызылоба ауылдық округіндеге «Айбек» шаруа қожалығының жетекшісі.

 

 

Мастексай ауылдық округінен сайланған депутат.

Мұхамбетов Қоблан Аманғалиұлы 1974 жылы 31 тамызда Батыс Қазақстан облысы, Жаңақала ауданы,Мәстексай ауылында дүниеге келген. Ұлты– қазақ.

1981 – 1991 жылдары аралығында С.Меңдешов орта мектебінен білім алды.

1991-1997 жылдары Мәстексай қой совхозының фермаларында механизатор.

1997-1999  жылдары «Медет» шаруа қожалығында механизатор.

1999-2008 жылдары «Беркәлі»шаруа қожалығында механизатор болып жұмыс атқарды.

2001 жылы «Андас» оқу орнынан «Жеке электрондық есептеу машинасының операторы» мамандығын алып шықты.

2004 жылдан бері «Нұрберген» шаруа қожалағының басшысы.

2008-2014 жылдары С.Меңдешов ЖОББ мектебінде техникалық сумен қамтамасыз етуші ретінде қызмет атқарды.

2014 жылы БҚО, Теректі ауданы колледжінде оқып жануарларды ветериариялық өңдеуші операторы мамандығын алып шықты.

2020 жылдан Батыс Қазақстан инновациялық университетінің ветеринария мамандығы бойынша қашықтан оқиды.

Қазіргі уақытта  Мәстексай малдәрігерлік пунктінде ветеринариялық фельдшер болып қызмет атқаруда.

 

Документы
Новости
Полезные материалы
Медиагалерея
События
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Часто задаваемые вопросы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы