COVID-19 ауруының жаңа жағдайлары туралы

COVID-19 ауруының жаңа жағдайлары туралы

Ағымдағы жылдың 2 қыркүйегіндегі жағдай бойынша Жамбыл облысында коронавирус инфекциясының 5 жағдайы тіркелді, оның біреуі - симптомсыз.

Атап айтсақ, 48 жастағы Мойынқұм ауданының тұрғынынан, 58 жастағы тараздықтан, 60 жастағы және 58 жастағы шулықтан коронавирус анықталды. Олардың барлығы дәрігерлерге жоғары температура, ентігу, әлсіздікке қатысты шағымдарымен жүгінген.

Коронавирустың симптомды түріне шалдыққан науқастар жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылды. Олармен байланыста болғанда адамдар карантинге алынды. Ошақтарда қорытынды дезинфекция жұмыстары жүргізілді.

Сондай-ақ, ауруханаға жатқызар алдында 33 жастағы Қордай ауданының тұрғынынан коронавирусқа талдау алынды. Одан коронавирустың симптомсыз түрі анықталып, науқас үй карантиніне жатқызылды.

Жалпы, ағымдағы жылдың 2 қыркүйегіндегі жағдай бойынша Жамбыл облысында коронавирустың 4089 жағдайы тіркелді. Оның 3569 емделіп, ауруханалардан шығарылды.