Тараз қаласы №43 ОМ мұғалімінің өтінішіне байланысты жұмыс комиссиясы құрылды

Тараз қаласы №43 ОМ мұғалімінің өтінішіне байланысты жұмыс комиссиясы құрылды

Облыс әкімінің тапсырмасы бойынша Тараз қаласы әкімдігінің білім бөліміне қарасты №43 ОМ мұғалімінің өтінішіне байланысты жұмыс комиссиясы құрылды. Комиссия құрамына облыстық білім басқармасының, салалық кәсіподақтың, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері енді. Жуық арада комиссия барлық жағдайды зерделеп, мектеп басшылығы мен қызметкерлерінің іс-әрекетіне объективті тұрғыда баға беретін болады. Зерделеу  жұмыстарының қорытындысы бойынша қолданыстағы заңнамаға сәйкес  тиісті шаралар қабылданады. Бұл мәселе облыс әкімінің орынбасары Е. Жылқыбаевтың тікелей бақылауында.