
Қордай ауданындағы балабақшалар мен мектептер жұмысын қайта бастады. Бұл вице-премьерію Бердібек Сапарбаевтың тапсырмасының бірі болатын.
Масаншы, Аухатты, Сортөбе ауылдарында барлығы 9 мектеп бар. Олардың 8-і жұмыс істей бастады, ал біреуінде жедел штаб орналасқан. Осы мектептің оқушылары жақын орналасқан мектептерге барады. Сондай-ақ 7 балабақша жұмыс істей бастады, оларға 1350 бала барады.
Түнде ауылдықтар үшін алғашқы гуманитарлық көмек келіп түсті. Жамбыл ауданы Жалпақтөбе ауылының тұрғындары азық - түлік, төсек-орын жабдықтары мен дәрі-дәрмектерді жинады. 5 тонна ұн, 3 тонна күріш, бірнеше тонна қант және басқа да тауарлар зардап шеккен ауылдықтарға таратылады. Кешке кезекті гуманитарлық көмек келеді деп күтілуде.Тәртіпсіздіктен кейінгі екінші түн тыныш өтті. Тұрғындардың қауіпсіздігі үшін полиция және басқа да күш құрылымдарының тәулік бойы кезекшілігі жүргізілуде. Олар сондай-ақ барлық автокөлік қозғалысын бақылауды жалғастырады: машиналарды мұқият тексеріп, жолаушылардың құжаттарын тексереді. Ауданда жергілікті ауқымдағы ТЖ режимі әлі де сақталуда.