Коронавирустың үш жаңа жағдайы туралы

Коронавирустың үш жаңа жағдайы туралы

Ағымдағы жылдың 28 сәуір күні Жамбыл облысында үш жаңа (109-111) COVID-2019 ауруы тіркелді.

1969, 1975 және 1979 жылдары туған науқастар Атырау облысы Теңіз кентінде вахталық негізде жұмыс істейтін Тараз қаласының тұрғындары болып табылады.

Белгіленген алгоритмге сәйкес олар Жамбыл облысына келгеннен кейін карантиндік стационарға орналастырылған. Алынған зертханалық талдаулар оң нәтиже көрсетті.

Науқастар инфекциялық стационарға ауыстырылып, қажетті ем шараларын қабылдауда.