
29 сәуір күні Жамбыл облысында үш жаңа COVID-2019 ауруы тіркелді.
Айта кету керек, науқастар бұған дейін аталған дертті жұқтырғандармен байланыста болғандығы үшін, карантиндік стационарға оқшауланған.
Науқастардың екеуі –1963 және 2012 жылы туған Тараз қаласының, біреуі – 2007 жылы туған Байзақ ауданының тұрғыны болып табылады. Олар бекітілген алгоритмге сәйкес қажетті емдеу шаралары жүргізілетін инфекциялық стационарға ауыстырылды.
Жалпы, 29 сәуірдегі жағдай бойынша Жамбыл облысының аумағында коронавирустық инфекцияның 116 жағдайы тіркелген, оның ішінде Тараз қаласында - 55, Байзақ ауданында – 5, Жамбыл ауданында – 4, Қордай ауданында - 35, Меркі ауданында - 3, Мойынқұм және Шу аудандарында – біреуден. Сондай – ақ, Дели - Тараз рейсі жолаушылары арасынан алты, Теңіз вахталық кентінен келген қызметкерлер ішінен алты оқиға анықталған.
Барлық инфекция жұқтырғандардың 43-і сауығып, дәрігерлердің бақылауындағы үй карантиніне шығарылды.