Коронавирус бойынша Жамбыл облысындағы ағымдағы жағдайы туралы

Коронавирус бойынша Жамбыл облысындағы ағымдағы жағдайы туралы

28 сәуір күні Жамбыл облысында екі жаңа (107-108) COVID-2019 оқиғасы тіркелді.

Науқастардың бірі 73 жастағы Тараз қаласының тұрғыны болып табылады. Ол бұған дейін дерт жұқтырған науқаспен байланыста болғандығы үшін стационарлық карантинге жатқызылған.

Екінші науқас – 22 сәуірде Ресей Федерациясынан оралған Меркі ауданының тұрғыны, ол жақта туыстарымен бірге болған. 27 сәуірде ол ентігу, мұрыннан су ағуына қатысты шағыммен жедел жәрдем шақырған. КВИ-ға күдікпен провизорлық стационарға жатқызылып, алынған талдаулар оң нәтиже көрсеткен.

Науқастар инфекциялық стационарға ауыстырылды, бекітілген алгоритмге сәйкес қажетті ем шараларын алуда.

Жалпы алғанда, 28 сәуірдегі жағдай бойынша Жамбыл облысында коронавирустық инфекцияның 108 жағдайы тіркелді, оның ішінде Таразда - 52, Байзақ ауданында - 4, Жамбыл ауданында - 4, Кордай ауданында - 34, Меркі ауданында - 3, Мойынқұм және Шу аудандарында бір-бірден. Дели - Тараз рейсінде алты жағдай, үш жағдай - Теңіз вахталық кентінен оралған жұмысшылардың арасынан анықаталған.

Індет жұқтырғандардың 43-і емеделіп, дәрігерлердің бақылауындағы үй карантиніне шығарылды.