
27 сәуір күні Жамбыл облысында коронавирус инфекциясының 105-ші жағдайы тіркелді.
Науқас 1972 жылыт туған Тараз қаласының тұрғыны. Ол күні бұрын дене қызуының жоғарылауы, әлсіздік, тамақ ауруына қатысты шағымдарымен жүгінген болатын. Зертханалық зерттеу нәтижелері бойынша COVID-2019 диагнозы расталды.
Эпидемиологиялық тексеру барысында үш байланыста болған үш тұлға анықталды. Науқас инфекциялық стационарға жеткізілді. Ошақтарда эпидемияға қарсы өңдеу іс-шараларі жүргізілді.
27 сәуірдегі жағдай бойынша Жамбыл облысы аумағында коронавирустық инфекцияның 105 жағдайы тіркелді, оның ішінде Тараз қаласында - 50, Байзақ ауданында – 4, Жамбыл ауданында – 4, Қордай ауданында - 34, Меркі ауданында - 2, Мойынқұм және Шу ауданында – біреуден. Сондай – ақ, Дели - Тараз рейсінен алты оқиға, теңіздегі вахталық кентінен келген қызметкерлер арасында үш оқиға анықталды.
Жалпы дертті жұқтырғандардың 43-і емделіп, дәрігерлердің бақылауындағы үй карантиніне шығарылды.