26 сәуір күні тағы бір науқас – Тараз қаласының 45 жастағы тұрғыны ауруханадан шығарылды. 10 сәуірде ол дене қызуы және құрғақ жөтелге қатысты шағыммен ауруханаға жатқызылған болатын. Қабылдау кезінде алынған ПТР зерттеуі материалдары оң нәтиже көрсеткен болатын.
Азаматша бірден инфекциялық стационарға жатқызылған. Науқастың жағдайы ауыр деп бағаланғандықтан, ол бірнеше күн бойы реанимацияда болған.
Алайда, медицина қызметкерлерінің үйлесімді және кәсіби әрекеттерінің арқасында бүгінгі күні ол толығымен сауығып шықты. Емдеу барысында дәрігерлер бірнеше рет Нұр-Сұлтан қаласының КВИ науқастарына арналған ситуациялық орталығындағы әріптестерімен кеңесіп отырды.
Нәтижесінде олардың жұмсалған күш-жігері өз нәтижесін берді. Науқас дерттен айықты. Қазір ол дәрігерлердің бақылауындағы үй карантиніне алынған.
