27.04.2020 Жамбыл облысындағы коронавирустың ағымдағы жағдайы туралы

27.04.2020 Жамбыл облысындағы коронавирустың ағымдағы жағдайы туралы

27 сәуір күні Жамбыл облысында COVID-2019 ауруының жаңа (106-шы) жағдайы тіркелді.

1987 жылы туған науқас Тараз қаласында тұрады. Ол бұған дейін індет жұқтырған науқаспен байланыста болғандығы үшін карантиндік стационарға орналастырылған.

Эпидемиологиялық тексеру барысында аурудың өршуіне байланысты алты жақын адам анықталды. Науқас жұқпалы аурулар ауруханасына жеткізілді.

Жалпы алғанда, 27 сәуір күнгі жағдай бойынша Жамбыл облысында коронавирустық инфекцияның 106 жағдайы тіркелген. Оның ішінде Таразда - 51, Байзақ ауданында - 4, Жамбыл ауданында - 4, Кордай ауданында - 34, Меркі ауданында - 2, Мойынқұм және Шу аудандарында - біреуден. Дели - Тараз рейсінен алты жағдай, Теңізде вахталық кентінен келген жұмысшылардың арасынан үш жағдай анықталған.

Індет жұқтырған науқастардың 43-і емделіп, дәрігерлердің бақылауындағы үй карантиніне шығарылды.