Жамбыл облысында коронавирусты емдеу шаралары, науқастардың сауығу үдерісі жалғасуда.
24 сәуір күні стационардан екі адам емделіп шықты. Олардың бірі, 1985 жылы туған, КВИ тасымалдаушысымен байланыста болғандығы үшін ауруханаға жатқызылған.
Жуырда қызы Нұр-Сұлтан қаласынан келгенТараз қаласының 1934 жылы туған тұрғыны да дертті жеңіп шықты.
Қарт әйел шұғыл емдеу үшін қалалық ауруханаға жеткізілген болатын. Одан КВИ-ға алынған қан талдауы оң нәтиже көрсеткен. Отадан кейін әйел облыстық көп бейінді аурухананың жұқпалы аурулар блогына ауыстырылған. Емдеу шараларының нәтижесінде ол дерттен айықты.
Жалпы аймақта коронавирустан 42 адам емделіп шықты.
