Жамбыл облысында коронавирустың үш жаңа оқиғасы анықталды

Жамбыл облысында коронавирустың үш жаңа оқиғасы анықталды

24 сәуір күні Жамбыл облысында коронавирустың үш жаңа оқиғасы анықталды.

Науқастар Тараз қаласының тұрғындары болып табылады. Олар бұған дейін ауырған науқастармен байланыста болғандықтан карантиндік стационарға оқшауланған.

Науқастардың бірі – 26 жастағы ер адам болса, екіншісі 44 жастағы әйел және 15 жастағы жасөспірім бар.

Алынған талдаулар оң нәтиже көрсеткеннен кейін науқастар инфекциялық стационарға жеткізілді.

24 сәуірдегі жағдай бойынша Жамбыл облысы аумағында коронавирустық инфекцияның 101 жағдайы тіркелген десек, оның ішінде Тараз қаласында - 48 жағдай, Байзақ ауданында – 4, Жамбыл ауданында – 4, Қордай ауданында - 33, Меркі ауданында - 2, Мойынқұм және Шу ауданында – біреуден. Сондай – ақ, Дели - Тараз рейсі жалаушыларынан алты оқиға, Теңіз вахталық кентінен келген қызметкерлер арасынан екі оқиға анықталған.

Жалпы науқастардың ішінен 42 адам емделіп, дәрігерлердің қадағалауындағы үй карантиніне шығарылды.