Жамбыл облысындағы екі жаңа COVID-2019 оқиғасы анықталды

Жамбыл облысындағы екі жаңа COVID-2019 оқиғасы анықталды

23 сәуір күні Жамбыл облысында коронавирустың (N78-79) екі жаңа оқиғасы анықталды.

Емделушілер 1998 жылы туған Байзақ ауданының және Тараз қаласының тұрғындары болып табылады. Олар  бұған дейін инфекция анықталған науқаспен жұмыс орны бойынша байланыста болғандығы үшін карантиндік стационарға оқшауланған.

Үй ошақтары бойынша алты байланыста болған тұлға анықталып, олар карантиндік стационарға орналастырылды. ПТР-зерттеуге талдаулар алу бойынша жұмыстар жүргізілуде.

23 сәуір күнгі жағдай бойынша Жамбыл облысы аумағында коронавирустық инфекцияның 79 жағдайы тіркелген, оның ішінде Тараз қаласында - 26 жағдай, Байзақ ауданында – 4, Жамбыл ауданында – 4, Қордай ауданында - 33, Меркі ауданында - 2, Мойынқұм және Шу ауданында – біреуден. Сондай – ақ, Дели - Тараз рейсі жолаушылары арасынан алты оқиға, Теңіздегі вахталық кентінен келген қызметкерлерден екі оқиға анықталды.

Науқастардың ішінен 31 адам емделіп, дәрігерлердің бақылауымен үй карантиніне шығарылды.