
Жамбыл облысында коронавирустан тағы үш адам емделді. Олар – 45, 50 және 75 жастағы әйелдер.
Үшеуі де КВИ науқастарына арналған стационарға 14 сәуір яғни бір күнде, әртүрлі жағдайлармен түскен. Олардың бірі Қордай ауданының 75 жастағы тұрғыны. Инфекцияны туысының жаназасында жұқтырған.
50 жастағы екінші емделуші індетті науқаспен байланыста болған кезде жұқтырып алған.
45 жастағы үшінші әйел Ресейден келген науқас күйеуімен қарым-қатынаста болғандығы үшін ауруханаға жатқызылған болатын. Ол да 17 сәуірде емделіп шықты.
Сәтті емдеуден өткен олар алдағы екі апта бойы дәрігерлердің бақылауындағы үй карантинінде болады.
Жамбыл облысы бойынша КВИ-дан емделгендер 46 адамға жетті.