
19 сәуір күні Жамбыл облысы бойынша коронавирустың жаңа жағдайы тіркелді.
ЖРВИ диагнозымен провизорлық орталыққа облыс орталығының 1991 жылы туған тұрғыны жеткізілді. COVID-19-ға алынған талдаулар оң нәтиже көрсетті.
Науқас жұқпалы аурулар стационарына орналастырылды. Байланыста болған адамдарды және жұқтыру қаупі бойынша мәртебені анықтау жұмыстары жалғасуда. Ошақтарда эпидемияға қарсы іс-шаралар жүргізілді.
Жалпы өңірде барлығы 61 коронавирустық инфекция тіркелген, оның ішінде Тараз қаласында - 11, Байзақ ауданында – 3, Жамбыл ауданында – 4, Қордайда - 33, Меркіде - 2, Мойынқұм және Шу ауданындарында – біреуден. Дели-Тараз рейсінің жолаушылары арасында алты оқиға орын алған.
19 сәуірдегі жағдай бойынша алты адам сауығып, дәрігерлердің бақылауымен үй карантиніне алынған.
Инфекциялық стационарда 51 адам емделуде.