Жамбыл облысының үш тұрғыны коронавирустан емделіп шықты

Жамбыл облысының үш тұрғыны коронавирустан емделіп шықты

17 сәуір күні Жамбыл облысының тағы үш тұрғыны коронавирус инфекциясынан сауығып, үйлеріне шығарылды.
Олардың екеуі - анасы мен ұлы. 1950 және 1979 жылы туған Тараз қаласының тұрғындары. Екеуі де ағымдағы жылдың 2 сәуірінде ауруханаға жатқызылды.

Үшіншісі - 1991 жылы туған Жамбыл ауданының тұрғыны.

Ауыр жүк тасымалдаушы болып жұмыс жасайтын ол Ресейге жүкпен шығып, Алматы арқылы қайтып келген. 2 сәуір күні ауруханаға жатқызылды.

Олар екі апта бойы инфекциялық стационарда болып, ем шараларын қабылдады. Алгоритмге сәйкес, олардан КВИ-ға екі рет зертханалық талдаулар алынып, қорытындысында инфекциядан сауыққандықтары расталды.

Алдағы екі апта бойы олар жергілікті емхананың учаскелік дәрігерінің бақылауымен үй карантинінде болады.

Бүгінгі таңда облыстық инфекциялық стационарда 44 науқас ем алуда. Науқастардың жағдайы тұрақты, олар қажетті ем шараларын қабылдауда.

Жалпы аймақта коронавирустан 6 адам сауығып шықты.