Жамбыл облысындағы COVID-2019 ауруының жаңа жағдайлары туралы

Жамбыл облысындағы COVID-2019 ауруының жаңа жағдайлары туралы

Жамбыл облысында соңғы тәулікте коронавирус ауруының 13 жаңа жағдайы тіркелді.

Атап айтқанда, облыс орталығында екі жаңа жағдай анықталды. 1981 жылы туған ер адам және 1986 жылы туған әйел бұған дейін ауырғандармен байланыста болып, жұқтырып алған.

Жамбыл және Байзақ аудандарында бір-бір жағдайдан тіркелді. Науқастардың бірі 39 жастағы ер адам болса, екіншісі 5 жасар бала. Олар да жақын байланыста болған тұлғалар болып табылады.

Сондай-ақ, Атырау облысы Теңіз вахталық кентінің келген қызметкерлер арасында тоғыз оқиға анықталды.

Белгіленген алгоритмге сәйкес олар облысқа келгеннен соң карантиндік стационарға оқшауланған.

Зертханалық талдау нәтижелері бойынша COVID-2019 диагнозы қойылды. Барлық науқастар инфекциялық стационарға орналастырылды, онда қажетті ем шараларын қабылдайтын болады. Байланыста болған тұлғаларды анықтау бойынша жұмыстар жүргізілуде, ошақтарда эпидемияға қарсы іс-шаралар атқарылды.

Ағымдағы жылдың 1 мамырындағы жағдай бойынша Жамбыл облысының аумағында коронавирустық инфекцияның 132 жағдайы тіркелді.Оның ішінде Тараз қаласында - 58, Байзақ ауданында – 6, Жамбыл ауданында – 5, Қордай ауданында - 36, Меркі ауданында - 3, Мойынқұм және Шу аудандарында – бір-бірден.

Сондай – ақ, Дели - Тараз рейсі жолаушылары арасынан алты оқиға, Теңіз вахталық кентінен келген жұмысшылар арасынан 16 оқиға анықталған.

Індет жұқтырғандардың ішінен 46 адам емделіп, дәрігерлердің бақылауындағы үй карантиніне шығарылды.