
6 мамыр күні Жамбыл облысында COVID-2019 ауруының жаңа жағдайы анықталды.
Науқас 1940 жылы туған облыс орталығының тұрғыны болып табылады. Тыныс алу жолының созылмалы ауруымен ауыратын ол тәуекел тобындағы тұлға ретінде жоспарлы түрде тексеруден өткен.
Жүргізілген зертханалық талдау қорытындысы оң нәтиже көрсеткен соң науқас инфекциялық стационарға ауыстырылды.
Үй ошағы бойынша байланыста болған 4 тұлға анықталып, карантинге орналастырылды. Ошақтарда дезинфекциялық іс-шаралар жүргізілді.
Ағымдағы жылғы 6 мамырдағы жағдай бойынша Жамбыл облысының аумағында коронавирустық инфекцияның 163 жағдайы тіркелген, оның ішінде Тараз қаласында – 77, Байзақ ауданында – 13, Жамбыл ауданында – 5, Қордай ауданында – 37, Меркі ауданында – 3, Шу ауданында – 2, Мойынқұм ауданында – 1.
Сондай-ақ, Дели - Тараз рейсі жолаушыларынан 6 оқиға, Теңіз вахталық кентінен келген жұмысшылар арасынан 19 оқиға анықталды.
Барлық індет жұқтырғандардың 54-і сауығып, дәрігерлердің бақылауындағы үй карантиніне шығарылды.