7 мамыр күні Жамбыл облысында коронавирус ауруының жаңа жағдайы тіркелді.
Науқас 1951 жылы туған Жамбыл ауданының тұрғыны. Ол созылмалы респираторлық аурумен ауыратындықтан жоспарлы түрде тексеруден өтті. Жақын байланыста болған төрт тұлға анықталып, карантинге орналастырылды. Науқас емдеу шараларын алу үшін жұқпалы аурулар ауруханасына жіберілді.
Жалпы, ағымдағы жылдың 7 мамырдағы жағдай бойынша Жамбыл облысында коронавирустық инфекцияның 169 жағдайы тіркелді: оның ішінде Таразда - 82, Байзақ ауданында - 13, Жамбыл ауданында - 6, Кордайда - 37, Меркіде - 3 және Шуда- 2, Мойынқұмда- 1. Сондай-ақ, Дели - Тараз рейсінен алты жағдай, Теңіздегі вахталық кентінен келген жұмысшылардың арасынан 19 оқиға анықталған.
Барлық дерт жұқтырғандардың 55-і жазылып, дәрігерлердің бақылауындағы үй карантиніне шығарылды.