
2020 жылдың 8 мамырында сағат 19:05-те Жамбыл облысында коронавирусты инфекциясының тағы төрт оқиғасы анықталды.
Инфекция Байзақ ауданының 2002, 2000, 2019 және 2012 жылы туған тұрғындарынан табылды.
Науқастардың барлығы бұған дейін індет жұқтырғандармен байланыста болған тұлға ретінде карантиндік стационарда жатқан. Олардан COVID-19-ға алынған талдаулар қорытындысы оң нәтиже көрсеткен. Олар инфекциялық стационарға ауыстырылды.
Ағымдағы жылдың 8 мамырындағы жағдай бойынша Жамбыл облысының аумағында коронавирустық инфекцияның 176 жағдайы тіркелген, оның ішінде Тараз қаласында – 84, Байзақ ауданында – 17, Жамбыл ауданында – 6, Қордай ауданында - 37, Меркі ауданында - 4, Шу ауданында – 2, Мойынқұм ауданында – 1.
Сондай-ақ, Дели - Тараз рейсі жолаушыларынан 6, Теңіз вахталық кентінен келген жұмысшылар арасынан 19 оқиға анықталды.
Барлық ауырғандардың 61-і сауығып, дәрігерлердің бақылауындағы үй карантиніне шығарылды.