Жамбыл облысында коронавирустық инфекцияның тағы үш оқиғасы анықталды

Жамбыл облысында коронавирустық инфекцияның тағы үш оқиғасы анықталды

Ағымдағы жылдың 4 мамырында Жамбыл облысында коронавирустық инфекцияны жұқтырған тағы да үш адам анықталды. Олардың барлығы бұған дейін ауырған науқастармен байланыста болғандар.

COVID-19 вирусты жұқпасы 1986 жылы туған Тараз қаласының, сондай-ақ 1964 және 2000 жылы туған Байзақ ауданының тұрғындарынан табылды.

Ағымдағы жылғы 4 мамыр күнгі жағдай бойынша Жамбыл облысының аумағында коронавирустық инфекцияның 152 жағдайы тіркелген, оның ішінде Тараз қаласында - 71, Байзақ ауданында -11, Жамбыл ауданында -5, Қордай ауданында - 37, Меркі ауданында - 3, Шу ауданында - 2, Мойынқұм ауданында -1. Сондай – ақ, Дели - Тараз рейсі жолаушыларынан 6 оқиға, Теңіз вахталық кентінен келген жұмысшылар арасынан 16 оқиға анықталған.

Барлық індет жұқтырғандардың 48-і емделіп, дәрігерлердің бақылауындағы үй карантиніне шығарылды.