Коронавирус бойынша Жамбыл облысындағы ағымдағы жағдай туралы

Коронавирус бойынша Жамбыл облысындағы ағымдағы жағдай туралы

4 мамыр күні Жамбыл облысында коронавирус ауруының екі жаңа оқиғасы тіркелді.

Облыс орталығының 1986 және 1994 жылы туған тұрғындары бұрын анықталған науқаспен байланыста болған тұлға ретінде тексеруден өткен. Олардан алынған зертханалық талдаулар аинфекцияның бар екендігін растады. Науқастар инфекциялық стационарға ауыстырылды.

Жақын байланыста болған үш тұлға анықталып, карантинге оқшауланды. Ошақтарда дезинфекциялық іс-шаралар жүргізілді.

Ағымдағы жылдың 4 мамырдағы жағдай бойынша Жамбыл облысының аумағында коронавирустық инфекцияның 154 жағдайы тіркелген, оның ішінде Тараз қаласында - 73, Байзақ ауданында - 11, Жамбыл ауданында - 5, Қордай ауданында - 37, Меркі ауданында - 3, Шу ауданында - 2, Мойынқұм ауданында - 1.

Сондай-ақ, Дели - Тараз рейсі жолаушыларынан 6 оқиға, Теңіз вахталық кентінен келген жұмысшылар арасынан 16 оқиға анықталған.

Барлық дерт жұқтырғандардың 48-і емделіп, дәрігерлердің бақылауындағы үй карантиніне шығарылды.