Жамбыл облысында жаңа COVID-2019 ауруы анықталды

Жамбыл облысында жаңа COVID-2019 ауруы анықталды

5 мамыр күні Жамбыл облысында коронавирустық инфекцияның 159-шы жағдайы тіркелді. Науқас 1993 жылы туған Тараз қаласының тұрғыны. Ол дене қызуының жоғарылауы және әлсіздікке қатысты шағыммен тұрғылықты жері бойынша емханаға жүгінген. Жүргізілген ПТР-тексеріс қорытындысы оң нәтиже көрсетті.

Байланыста болған тұлғаларды анықтау, оларды карантинге орналастыру және зертханалық талдаулар алу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Ошақтарда дезинфекциялық іс-шаралар атқарылды.

Ағымдағы жылдың 5 мамырдағы жағдай бойынша Жамбыл облысының аумағында коронавирустық инфекцияның 159 жағдайы тіркелген, оның ішінде Тараз қаласында – 75, Байзақ ауданында – 11, Жамбыл ауданында – 5, Қордай ауданында – 37, Меркі ауданында – 3, Шу ауданында – 2, Мойынқұм ауданында – 1.

Сондай – ақ, Дели - Тараз рейсі жолаушыларынан 6 оқиға, Теңіз вахталық кентінен келген жұмысшылар арасынан 19 оқиға анықталды.

Барлық індет жұқтырғандардың 51-і сауығып, үй карантиніне шығарылды. Олар дәрігерлердің бақылауында болады.